- Тапсырысты қалай рәсімдеуге болады
- Төлеу
- Жеткізу
- Тауарлардың жекелеген түрлерін сату ерекшеліктері
- Тауарды қайтару
- Өзге шарттар
- Ozon және Сатушылар туралы ақпарат
- Уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері туралы ақпарат
- Шарттар тілі
- Ұғымдар
Тексеру процедурасынан өтіп және Тапсырыстарды ozon.kz, ozon.com сайттарында ресімдей отырып, Клиент төменде берілген жеке тұлғалар үшін Тауарларды сату шарттарымен («Шарттар») келіседі.
Шарттар Клиент (сіз), «ОЗОН Маркетплейс Қазақстан» ЖШС (Ozon) және Сатушылар арасындағы Тапсырыстарды ozon.kz, ozon.com сайттарында ресімдеуге және орындауға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Шарттар шеңберіндегі қатынастарға, егер тауарды ҚР Клиенті сатып алса, ҚР құқығы немесе егер тауарды өзге елдегі Клиент сатып алса, РФ құқығы қолданылады, егер шарттарда өзгеше көрсетілмесе.
Тапсырысты ресімдеу алдында Шарттарды мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз Шарттардың кез-келген ережелерімен келіспесеңіз, сіз Тапсырысты ресімдеуден бас тарта аласыз.
Шарттарда бас әріппен көрсетілген ұғымдар бар. Сіз олардың анықтамаларын Шарттардың соңында табасыз. Шарттарда Шарттардың ажырамас бөлігі болып табылатын Сайт беттеріне белсенді гиперсілтемелері бар тармақтар бар. Қазақстан Республикасындағы клиенттер үшін тиісті беттің жоғарғы оң жақ бұрышында «Қазақстан» санаты таңдалған Сайт беттерінің шарттары қолданылады. Басқа елдердегі клиенттер үшін тиісті беттің жоғарғы оң жақ бұрышында «Басқа елдер» санаты таңдалған Сайт беттерінің шарттары қолданылады.
Шарттар Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз әрекет етеді.
Ozon Шарттарды кез келген уақытта өз қалауы бойынша арнайы ескертусіз біржақты тәртіпте өзгерте алады. Өзгерістер Сайтта жаңартылған редакция орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
1. Тапсырысты қалай рәсімдеуге болады #
1.1. Телефон нөмірі бойынша тексеру #
1.1.1. Тексеру Ozon ID пайдалану шарттарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
1.1.2. Клиент үшінші тұлғаларға логин мен құпиясөзді, телефон нөмірін және жеке кодтарды хабарламауға міндеттенеді. Клиентте өз деректерінің қауіпсіздігіне, оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануына қатысты күдік туындаған жағдайда, Клиент бұл туралы Ozon-ға жеке кабинеттегі Ozon-мен немесе сатушымен чат арқылы дереу хабарлауға міндетті.
1.1.3. Тексеруден өтіп, Клиент сервистік сипаттағы хабарламаларды бір мезгілде немесе жеке-жеке электрондық пошта мекенжайына (егер оны Жеке кабинетінде көрсетсе) / смс-хабарламалар / пуш-хабарламалар / қосымшалар / мессенджерлер арқылы / өзге де тәсілмен Клиент Тапсырысты тіркеу және/немесе ресімдеу кезінде көрсеткен телефон нөміріне Тапсырыстың жай-күйі, жеткізу шарттары, Клиенттің себетіндегі және/немесе Клиент «Таңдаулыға» қосқан тауарлар туралы хабарламаларды алуға келіседі, сондай-ақ пікір қалдыру туралы өтінішпен келіседі. Клиенттің көрсетілген хабарламаларды алудан бас тартуы техникалық себептерге байланысты мүмкін емес.
1.1.4. Ozon Клиенттің жарнамалық сипаттағы хабарламаларды алуға келісімі болған кезде Клиентке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды (СМС және/немесе пуш-хабарламалар және/немесе смартфондарға арналған қосымшалар және/немесе мессенджерлер арқылы және/немесе өзге де тәсілмен Клиент көрсеткен телефон нөміріне, электрондық пошта мекенжайына) жіберуге құқылы.
1.2. Шарт жасасу #
1.2.1. Шарттар, сондай-ақ Сайтта ұсынылған Тауар туралы ақпарат ҚР АК 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
1.2.2. Клиент Сайтта Тапсырысты рәсімдеудің соңғы кезеңінде «Онлайн төлеу»/«Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басу арқылы таңдалған Тауарларды сату шарттарымен келіседі. Көрсетілген әрекеттерді жасау Клиент пен Сатушы арасында шарт жасасуды растайтын факт болып табылады. Тапсырысты алдын ала төлеу (болашақ мәміле есебіне аванс) шарттарымен рәсімдеген жағдайда, егер алдын ала төлем жүзеге асырылғаннан кейін 24 сағат ішінде Клиент Тауарды беру мүмкінсіздігі туралы хабарлама алмаса, шарт жасалған болып есептеледі.
1.2.3. Акциялар, конкурстар және басқа да ынталандырушы іс-шаралар қағидаларында Тапсырысты ресімдеу мен Тауарды қайтарудың басқа тәртібі белгіленуі мүмкін. Ұқсас іс-шараға қатысу фактісі Клиенттің осы тәртіппен келісетінін білдіреді.
1.3. Тапсырысты рәсімдеу #
1.3.1. Клиент Тапсырысты Сайтта немесе мобильді қосымшада өзі рәсімдейді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
1.3.2. Клиент Тауар бетінде Сатушылардың бірінің ұсынысын таңдайды.
1.3.3. Тауарлар туралы ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және түстерді, өлшемдерді және пішіндерді қоса алғанда, Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары туралы дұрыс ақпаратты толық бермеуі мүмкін. Тапсырысты ресімдеу алдында Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары туралы сұрақтар туындаған жағдайда Клиент Сатушыға жүгінуі керек.
1.3.4. Клиент келесі ақпаратты көрсетеді:
(а) Клиенттің немесе Тапсырыс Алушының аты-жөні және телефон нөмірі;
(б) Тапсырысты жеткізу мекенжайы.
1.3.5. Тапсырысты жеткізудің күтілетін күні — Клиент Тапсырысты ала алатын мерзім. Жеткізу күні Сатушының Қоймасында Тауарлардың болуына, Тапсырысты өңдеуге қажетті уақытқа және таңдалған Жеткізу Қызметінің жеткізу мерзіміне байланысты және Ozon-ға тікелей тәуелді емес. Тапсырысты өңдеу және Клиенттің ресімделген Тапсырыспен әрекеттері туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
1.3.6. Тапсырыстың ағымдағы статусы туралы ақпарат Жеке кабинетте орналасқан.
1.3.7. Клиентке өзінің мүдделері мен қалауларына сәйкес келетін Тауарларды таңдау және сатып алу мүмкіндігін беру үшін Ozon Сайтта мұндай Клиент жасаған іс-әрекеттер, соның ішінде қаралатын Тауарлар, ресімделетін Тапсырыстар, кіретін беттер және Сайтта қойылатын іздеу сұраулары туралы ақпарат негізінде аналитиканы қалыптастырады және оны Сайттың ассортиментін жақсарту және оны Клиенттің пайдалануын дербестендіру үшін пайдаланады.
1.4. Тапсырыстың күшін жою #
1.4.1. Клиент сатып алу туралы шешімді өзгертуге және тапсырыс берілген Тауарды алғанға дейін кез келген уақытта одан бас тартуға, сондай-ақ келесі жағдайларды қоспағанда, алу сәтінде Тапсырыс Тауарларынан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:
-
Тауарды алғанға дейін Жеткізу қызметтері жеткізген кезде, ал алған сәтте — Ozon емес, Жеткізу қызметтері жеткізген кезде одан толық бас тартуға болмайды;
-
Тауарды алғанға дейін және алған сәтте Жеткізу қызметтері жеткізген кезде және/немесе тапсырыс жеткізуге берілгеннен кейін (егер Тауар Ozon емес, басқа жеткізу қызметтерімен жеткізілсе) одан ішінара бас тартуға болмайды.
Клиент кез келген жағдайда тек Клиент пайдалана алатын жеке-белгілі бір қасиеттері бар Тауардан бас тартуға құқылы емес.
1.4.2. Тапсырысты алған сәтке дейін немесе Клиентке берген сәтте Тапсырысты толық немесе ішінара жою кезінде тапсырысты алдын ала төлеген жағдайда Тауар және жеткізу үшін ақшалай қаражатты қайтару шарттары:
(а) Ақша қаражаты қайтарылғаннан кейін Клиенттің Балансында автоматты түрде көрсетіледі. Баланстағы ақша қаражатын қайтару тәртібі туралы толық ақпарат сілтеме арқылы қол жетімді. Баланстағы ақша қаражаттары тек Клиент елінің банктік шотының деректемелеріне ғана аударылуы мүмкін.
(б) Егер Тапсырыс банк картасымен төленген болса, ақша қаражатын қайтару төлем жасалған картаға жүзеге асырылады.
(в) Егер Тапсырыс бөліп төлеу, кредит арқылы төленген болса, Клиент тауарды Тапсырыс рәсімделген күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде Тапсырысты толық жойған кезде қайтарған болса, қайтарым кредит берген Банктегі Клиенттің есеп айырысу шотына жүзеге асырылады. Егер Клиент бөліп төлеуді, кредитті өтеп, Банктен несиелік міндеттемелер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама берсе, ақша қаражаты Клиенттің басқа Банкте ашылған және Клиент ұсынған есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.
Егер Тапсырыс бөліп төлеу, кредит арқылы төленген болса, Клиент Тауарды тапсырыс рәсімделген күннен бастап немесе Тапсырысты ішінара жойған кезде 14 (он төрт) күн өткен соң қайтарса, қайтарым Қаражат балансына жүзеге асырылады.
1.4.3. Егер Клиент бір Тауардың 10 бірлігінен асатын санындағы Тауарға тапсырыс берген болса, ал Сатушының қоймасында қажетті саны болмаса, Сатушы Клиентке бұл туралы хабарлама жібереді. Клиент Тауарды Сатушыда бар санында қабылдауға немесе осы Тауарды Тапсырыстан алып тастауға келісуге құқылы. Егер Клиент 14 күн ішінде жауап бермесе, Сатушы осы Тауарды Тапсырыстан жою құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте шетелден жеткізу кезінде Клиенттер бір Тауардың 5 бірлігінен астамына бір мезгілде тапсырыс бере алмайды.
2. Төлеу #
2.1. Тауардың бағасы және төлеу мерзімі #
2.1.1. Тауардың бағасы Сайтта көрсетіледі және Тапсырысты ресімдеуге дейін Сатушы және/немесе Ozon тарапынан Сатушының тапсырмасы бойынша біржақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін. Тапсырыстағы тауар, Тапсырысты ресімдеу кезінде «Онлайн төлеу»/ «Тапсырысты ресімдеу» түймесін басқан кезде көрсетілген баға бойынша төленеді.
Қазақстан Республикасындағы клиенттер үшін тауарларға ақы төлеу теңгемен жүзеге асырылады. Басқа елдердің клиенттері үшін тауарларға ақы төлеу ҚР Ұлттық Банкінің төлем күніне арналған бағамы бойынша АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
Клиент тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгермейді. Сатушы немесе Ozon Тауарға жеңілдіктер беруге құқылы.
Тауардың бағасына Сатушы және/немесе Ozon Тауарды Клиентке сатуға байланысты төлейтін қолданыстағы салықтар кіреді.
2.1.2. Тауарды төлеу тәсілдерімен мына жерден танысуға болады. Келісілген төлем әдісі Тапсырыс беруші Тапсырыс беру кезінде қол жетімді тәсілдердің ішінен таңдаған тәсіл болып саналады.
2.1.3. Тапсырыс ты жеке кабинеттегі тапсырыста көрсетілген мерзімде төлеу керек, осыдан кейін Сатушы Тауардың болуына кепілдік бермейді. Бұл жағдайда Шарт жасалмаған болып есептеледі.
2.1.4. Барлық жағдайларда кассалық чектер Жеке кабинеттегі «Электрондық чектер» бөліміне жіберіледі және баспа нысанында берілмейді. Ozon-ның электрондық чекті беру міндеті оны Клиенттің абоненттік нөміріне байланысты Жеке кабинетке жіберген сәтте орындалды деп есептеледі.
Егер Тапсырыс беруші Тапсырысты ресімдеу кезінде электрондық чекті (немесе оған PDF форматында жүктеу мүмкіндігі бар сілтемені) электрондық пошта мекенжайына жіберу керектігін көрсетсе және оны ұсынса, онда электрондық нысандағы кассалық чек (немесе тиісті сілтеме) Клиентке ол көрсеткен мекенжайға жіберіледі. Кез келген жағдайда Клиент электрондық чектерді Сайттағы немесе мобильді қосымшадағы Жеке кабинеттің «Электрондық чектер» бөлімінен жүктей алады.
2.1.5. Тапсырыс құнына Тапсырыс жеткізілетін елдің заңнамасы бойынша төленуге жататын және Клиент Тауар бағасынан бөлек төлейтін кедендік төлемдер, салықтар және/немесе алымдар кірмейді. Төлем шарттары мен кедендік төлемдердің мөлшері Тапсырысты жеткізу жүзеге асырылатын елдің кеден заңнамасында айқындалады.
2.1.6. Жеңілдіктердің түрлері, оларды есептеу тәртібі мен шарттары Сайтта көрсетілген және оларды Ozon біржақты түрде өзгертуі мүмкін.
2.1.7. Сайтта техникалық себептер бойынша Тауардың бағасын (жеңілдік немесе акция қолданылатын Тауарларды қоса алғанда) көрсету кезінде қателер туындауы мүмкін. Клиент тапсырыс берген Тауарға қатысты осындай қателік туындаған жағдайда, Ozon бұл туралы Клиентке хабарлайды. Егер Тауардың бағасына қатысты күмән туындаса, Клиент ақпаратты Ozon-мен немесе Сатушымен Жеке кабинетте чат арқылы нақтылай алады.
2.2. Банктік карталармен, сондай-ақ банктік карталарға байланыстырылған электрондық төлем құралдарымен төлеу #
2.2.1. Банк карталары бойынша операцияларды карта ұстаушы не заңнамаға сәйкес ресімделген сенімхат негізінде уәкілеттік берілген тұлға жасауы тиіс.
2.2.2. Банк карталары бойынша операцияларды авторизациялауды банк жүзеге асырады. Егер банктің операция алаяқтық сипатта болады деп пайымдауға негіз болса, онда банк осы операцияны жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Банк карталарымен жасалған алаяқтық операцияларына ҚР ҚК-нің 190-бабы қолданылады және олар қылмыстық заңнамаға сәйкес жазаланады. Төлем кезінде банк карталарын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау үшін барлық алдын ала төленген Тапсырыстарды Ozon тексереді. Ozon Тапсырыстың күшін жою себебін түсіндірместен өз құқығын өзіне қалдырады. Тапсырыс құны иесінің банк картасына қайтарылады.
2.2.3. Банк карталарын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауды және өңдеуді ASSIST электрондық төлем провайдері немесе өзге электрондық төлем провайдері жүргізеді. Ozon және Сатушы Клиенттердің банктік карталарының деректерін өңдеуді, оның ішінде оларды жинауды және сақтауды жүзеге асырмайды.
2.3. Бөліп төлеу, кредит #
2.3.1. Сатушы Клиентке Тауарларды кредитке сатып алу мүмкіндігін бере алады (келесі санаттардан басқа (тізім өзгеруі мүмкін): дәріхана, алкоголь). Тауарларды кредитке рәсімдеу мерзімі мен тәртібі туралы толық ақпаратпен мына жерден танысуға болады.
3. Жеткізу #
3.1. Жеткізуді Ozon немесе Сатушы өз күшімен немесе олар тартқан Жеткізу қызметі жүзеге асырады. Алушының мекен-жайы бойынша жеткізу мүмкіндігі Тапсырыс ресімделген сәтте анықталады. Жеткізу тәсілдері осында көрсетілген. Жеткізудің келісілген тәсілі — бұл Тапсырыс берушінің Тапсырысты ресімдеу кезінде қол жетімді тәсілдер арасынан таңдаған тәсілі. Егер жеткізуді Сатушы немесе Жеткізу қызметі жүзеге асырса, Ozon оларға осындай жеткізуді ұйымдастыру үшін Клиенттің немесе Тапсырыс алушының байланыс деректерін береді.
Клиенттің немесе Тапсырыс алушының байланыс деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін Ozon Тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетілген телефон нөмірін жасыра алады және Сатушыға және/немесе Жеткізу қызметіне оның орнына арнайы бөлінген Ozon телефон нөмірін бере алады.
Клиент Сатушының және/немесе Жеткізу қызметінің Клиенттің немесе Тапсырыс Алушының атына барлық қоңыраулары арнайы бөлінген Ozon телефон нөмірінен Тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберілетініне келіседі. Сайтты пайдалану сапасын бақылау, сондай-ақ Тапсырыстарды рәсімдеу және орындау үшін Ozon осы тармақта көрсетілген қоңырауларды, сондай-ақ Клиент немесе Тапсырыс Алушы мен Ozon арасындағы қоңырауларды жазып алуы мүмкін.
3.2. Тауарлардың кейбір түрлерін жеткізу аумағы шектеулі. Жеткізуі шектелген тауарлардың тізімі осы жерде қамтылған.
3.3. Әрбір Тапсырысты жеткізу құны оның салмағына, аймағына және жеткізу әдісіне және төлем әдісіне қарай жеке есептеледі және Сайтта Тапсырысты ресімдеудің соңғы кезеңінде көрсетіледі.
3.4. Клиенттің Тапсырысты алуы үшін бөлінген мерзімдер шектеулі және Тапсырысты ресімдеу кезінде жеткізудің тиісті тәсілін таңдау кезеңінде, сондай-ақ Жеткізу бөлімінде (сақтау мерзімдері) көрсетіледі. Сақтау мерзімі ішінде Тапсырысты алмау Клиенттің сатып алу-сату шартынан бас тартуы болып саналады және Тапсырысты жою үшін негіз болып табылады.
3.5. Тапсырысты беру кезінде Клиент Тапсырысты жеткізетін тұлғаның қатысуымен Тапсырысты постамат арқылы алған жағдайларды қоспағанда, Тауарлардың сыртқы түрін, қаптамасын, санын, толықтығын, ассортиментін тексеруі тиіс. Толықтығы, ассортименті, саны және сыртқы түрі бойынша Тауарға кінәрат-талаптар Тапсырысты постаматтан басқа жеткізудің барлық тәсілдерімен тапсырғаннан кейін қабылданбайды.
3.6. Тапсырысты беру кезінде Тапсырысты жеткізуді жүзеге асыратын тұлға алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге құқылы, ал алушы мынадай жағдайларда жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті:
-
алаяқтық жағдайларын болдырмау үшін, сондай-ақ алдын ала төленген Тапсырысты тапсыру кезінде өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін;
-
жасқа байланысты шектеулері бар Тауарларды қамтитын Тапсырысты тапсыру кезінде.
Жеке басын куәландыратын құжат болмаған немесе алушының жасы сәйкес келмеген жағдайда Тауар алушыға берілмейді, бірақ жеткізу қызметі көрсетілген болып есептеледі.
3.7. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлінуі қаупінің ауысуы.
3.7.1. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлінуі қаупі алушыға Тапсырыс берілген сәттен бастап ауысады. Егер Тауар көрсетілген сәтке дейін жоғалса, Клиентке Сатушыдан немесе Жеткізу қызметінен Тауардың жоғалғаны туралы растауды алғаннан кейін алдын ала төленген Тауардың және оны жеткізудің құны өтеледі.
3.7.2. Клиент Қазпошта халықаралық почта жөнелтілімдерін Жеткізу қызметі ретінде таңдаған жағдайда Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Тауарды Жеткізу қызметіне бергенге дейін Сатушыда толық көлемде болады. Тауар көрсетілген Жеткізу қызметіне берілгеннен кейін Сатушының жауапкершілігі 2008 жылғы 12 тамыздағы Дүниежүзілік пошта конвенциясында белгіленген шектерде айқындалады.
3.7.3. Клиент тіркелмейтін халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы жеткізуді таңдаған жағдайда, Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Сатушы Тауарды Жеткізу қызметіне бергеннен кейін Клиентке ауысады. Тауарды Жеткізу қызметіне бергеннен кейін Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлінуі қаупі Клиентке жүктеледі, өйткені тіркелмеген жөнелтімдер бойынша Жеткізу қызметінен Тауардың жоғалғаны туралы растауды алу мүмкін емес. Клиент халықаралық пошта жөнелтілімдерін көрсетілген шектеулерсіз жеткізудің басқа тәсілдерін таңдай алады.
3.7.4. «Тапсырысты есік алдында қалдыру» жеткізу әдісін таңдаған жағдайда Тауардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі біз Тауарды тікелей берусіз Тауарды жеткізу туралы хабарламаны жіберген сәттен бастап Клиентке өтеді. Ozon тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін Тауардың жеткізілген жерінде болмауы үшін жауап бермейді.
3.8. Тапсырысқа қандай да бір объектілерді салуды көздейтін маркетингтік іс-шараларды жүргізу кезінде аталған салымдарды жеткізу Тауармен бірге жүзеге асырылады. Салымнан бас тарту үшін Клиент Қолдау қызметіне хабарласуы керек. Көрсетілген салымдар сыйлық болып табылады және оның ішінде ақшалай қаражатқа қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды.
4. Тауарлардың жекелеген түрлерін сату ерекшеліктері #
4.1. Антиквариат және Букинистика #
4.1.1. «Антиквариат» және «Букинистика» санаттарындағы Тауарлар бір данадан сатылымға қойылуы мүмкін. Тауарды біреуден көп мөлшерде сатып алғысы келетін Клиент мұндай сатып алу мүмкіндігінің бар-жоғын нақтылау үшін Қолдау қызметіне хабарласуы керек.
4.1.2. Осы санаттардағы Тауарды сату кезінде оның сақталуы дәрежесіне байланысты мұндай Тауардың сипаттамасы көрсетіледі.
4.2. Электрондық материалдарды жүктеу (егер оларды сатып алу Клиенттің елінде қолжетімді болса) #
4.2.1. Объектіге Тапсырыс ресімдеу арқылы Клиент алдын ала танысу және Объектіні пайдалану шарттары мен қағидаларын сақтау міндеттілігі, сондай-ақ түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісім жасасу міндеттілігі туралы ескертілгенін растайды.
4.2.2. Ozon Клиентке Объектіні Құқық иесі (Орындаушы) белгілеген шарттарда және көлемде пайдалану үшін ақылы Белсендіру кодын ұсынады.
4.2.3. Егер Құқық иесі (Орындаушы) өзгеше көздемесе, Клиент Сайттағы тиісті Объектінің ақпараттық блогында көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде Белсендіру коды тиісті белсендірілген күннен бастап Объектіні пайдалануға құқылы.
4.2.4. Лицензиялық келісім Құқық иесінің сайтында және/немесе ЭЕМ арналған тиісті бағдарламаны орнату процесінде немесе жазылымды рәсімдеу процесінде қолжетімді.
4.2.5. Орындаушының қызмет көрсетуі шарттары Орындаушының сайтында немесе басқа да жағдайларда Клиенттің назарына жеткізіледі.
4.2.6. Объектіні Клиент тек мақсатына сай жеке мақсатта пайдалана алады. Клиенттің Объектіні пайда табу мақсатында пайдалануға, оның ішінде жаңғыртуға, өңдеуге, таратуға, жария етуге, импорттауға, жалға беруге, көпшілік алдында орындауға, эфирге немесе кабель арқылы хабарлауға, жалпыға бірдей назарға жеткізуге құқығы жоқ.
4.2.7. Клиент үшінші тұлға осы Объектілерге қол жеткізе алатындай қандай да бір ресурстарда пайдалану үшін қолжетімді Объектілерге сілтемелерді орналастыруға құқылы емес.
4.2.8. Клиентке Объектіге қол жеткізу үшін қажетті мәліметтерді және Белсендіру кодын үшінші тұлғаларға хабарлауға тыйым салынады.
4.2.9. Егер Объектіні сату кезінде өзгеше көрсетілмесе, Клиент Объектілерді тек ҚР аумағында ғана пайдалануға құқылы.
4.2.10. Тапсырыс төленгеннен кейін Белсендіру кодтарын қайтару және айырбастау жүзеге асырылмайды.
4.2.11. Төлемді алғаннан кейін бір сағат ішінде Ozon Клиентке жүктеу сілтемесі мен Белсендіру кодын жібереді. Объектіге қол жеткізу үшін, оның ішінде пайдаланушы жабдығына көшіру (жүктеу) үшін Клиент сілтеме бойынша өтіп, Белсендіру кодын енгізуі керек.
4.2.12. Ұсынылған Белсендіру коды арқылы Объектіні пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, Клиент 30 күнтізбелік күн ішінде жаңа Белсендіру кодын беру туралы өтінішпен Ozon-ға жүгінуге құқылы. Ozon 3 күнтізбелік күн ішінде Белсендіру кодын тексереді және оны ауыстыру қажеттілігі расталған кезде Клиентке жаңа Белсендіру кодын жібереді.
4.2.13. Клиент сілтемені пайдаланып, сілтеме мен Белсендіру кодын жіберген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүктеу мақсатында Объектіге қол жеткізуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Клиент Белсендіру кодын пайдалана алмайды және Объектіге қол жеткізе алмайды. Тапсырысты төлеу шотына аударылған ақша қаражаты қайтарылмайды.
4.2.14. Ozon Клиенттің Объектіні пайдалануына жауап бермейді, егер заңнама немесе Объектіні пайдалануға байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары бұзылған болса, Клиент барлық жауапкершілікті өз мойнына алады.
4.2.15. Ozon Объектінің мазмұнына, сенімділігіне, практикалық қолданылуына, сондай-ақ Клиенттің пайдаланушы жабдықтарымен үйлесімсіздігіне жауап бермейді, барлық Объектілер «сол күйінде» беріледі.
4.2.16. Ozon Клиентке немесе үшінші тұлғаларға Клиенттің Объектіні мақсатынан тыс пайдалану шарттарын сақтамауы салдарынан не Объект туралы ақпаратпен және оны пайдалану тәртібімен таныспауы салдарынан келтірілген залалдар үшін жауапты болмайды.
4.2.17. Егер Клиент үшінші тұлғалардың Белсендіру кодын пайдалану нәтижесінде Объектіні пайдалана алмаса, Ozon жауап бермейді.
4.3. Сатушылар шетелден жеткізетін тауарлар #
4.3.1. Шетелден жеткізілетін Тауарларға Тапсырыс ресімделген жағдайда, Клиент, Ozon және Сатушы арасындағы құқықтық қатынастарға, оның ішінде Тауарларды шетелден жеткізумен сату шарттары бөлімінің ережелері қолданылады.
5. Тауарды қайтару #
5.1. Қайтарудың жалпы шарттары #
5.1.1. Клиент тауарды алғаннан кейін Сатушыға тиісті сапада оны қайтара алады, мерзімдері мен шарттары осында белгіленген.
5.1.2. Өрт қауіпті отын (газ, бензин және т.б.) құюды талап ететін тауарлар, егер ол пайдалану кезінде болатын резервуардан немесе баллоннан толық алып тасталған кезде ғана қайтаруға қабылданады.
5.1.3. Егер Тауарды қайтару Сатушының немесе Жеткізу қызметінің қатысуымен жүзеге асырылса, Ozon оларға Тауарды қайтаруды ұйымдастыру үшін Клиенттің немесе Тапсырыс Алушының байланыс деректерін береді.
5.2. Тиісті сападағы тауарды қайтару немесе айырбастау #
5.2.1. Тиісті сападағы Тауарды қайтару немесе айырбастау, егер көрсетілген Тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтыну қасиеттері, пломбалар, зауыттық жапсырмалар және т.б. сақталған болса, сондай-ақ Сайтта көрсетілген Тауарды сатып алу фактісі мен шарты расталған жағдайда жүргізіледі. Тауарды пайдаланудың іздері анықталған кезде Ozon немесе Сатушы осы негіз бойынша ақша қаражатын қайтарудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Тиісті сападағы тауарларды қайтару кезінде жеткізу құны және кедендік төлемдер (бар болса) өтелмейді.
5.2.2. Кейбір санаттардағы тиісті сападағы Тауарлар айырбастауға және қайтаруға жатпайды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
5.3. Сапасы тиісті емес тауарды қайтару #
5.3.1. Клиент сапасы тиісті емес Тауарды қайтарған кезде Сатушы оған қайтарылған Тауардың құнын, сондай-ақ Тауардың жетіспеушілігі өндірістік болып табылса және Клиенттің кінәсінен туындамаса, Сатушы сапасы тиісті емес Тауарды алған күннен бастап 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылған Тауарды Клиенттен жеткізуге арналған шығыстарды қайтарады. Егер Клиенттің Тапсырысында сапасы тиісті тауарлар болса, жеткізу құны өтелмейді.
5.3.2. Егер ақау анықталса, Клиент Тауарды өндірушіге, Ozon-ға немесе Сатушыға қайтара алады. Тауарды қайтаруды ресімдеу үшін Ozon заңнаманың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша кепілдік талонының (бар болса) және/ немесе сервистік орталық актісінің (қорытындысының) түпнұсқаларын сұрай алады.
5.3.3. Сатушы Клиентке тауарды қайтармай-ақ кемшіліктері бар тауар үшін ішінара өтемақы төлеуді ұсына алады. Егер Клиент келіссе, ішінара өтемақы Клиент тауарды төлеген тәсілмен есептеледі.
Клиент тауарды басқа негіз бойынша қайтаруға құқылы. Бұл ретте жаңа негіз бойынша қайтарылуға жататын ақша қаражатының сомасы бұрын берілген ішінара өтемақы сомасына азаяды.
5.3.4. Сапасы тиісті емес Тауарларды қайтару тәсілдері мен тәртібі туралы толығырақ мына жерден қараңыз.
5.4. Ассортимент туралы шарттарды бұзу (қайта сұрыптау) #
5.4.1. Тауар ассортимент туралы шарттарды бұза отырып берілген жағдайда ҚР АК 421-бабының ережелері қолданылмайды. Қайта сұрыптау анықталған жағдайда Клиент:
(а) артық Тауардан бас тарту және Тапсырыста көзделген ассортименттегі Тауарға ауыстыруды не нақты берілмеген Тауар үшін төленген ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы. Бұл ретте Тауар Ozon немесе Сатушыға қайтарылуға жатады (Сатушының күшімен жеткізілген кезде).
(б) Тауарды қабылдауға құқылы, ал Ozon Клиенттен Тауарды беру кезінде (оның ішінде сот тәртібімен) Сайтта Сатушы белгілеген баға бойынша оны төлеуді талап етуге құқылы. Егер іс жүзінде берілген Тауар Тауарды беру кезінде Сайтта ұсынылған ассортиментте болмаса, бұл Тауар Ozon-мен келісілген баға бойынша төленеді.
5.5. Саны туралы шарттарды бұзу #
5.5.1. Егер Клиент Тапсырысты тапсыру кезінде Тапсырыстағы Тауар саны бойынша алшақтықтар анықталса, Клиент бұл туралы Ozon немесе Сатушыға дереу хабарлауға міндетті. Клиент Ozon немесе Сатушыны хабардар ету туралы шартты бұзған жағдайда, олар Клиентке берілген Тауардың саны бойынша оның талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
5.5.2. Егер Клиент Тапсырыспен айқындалғаннан аз Тауар санын алса (толық салмау), Клиент Тапсырысты беру кезінде Тауарды Тапсырысқа сәйкес келетін бөлігінде қабылдауға және Тауардың жетіспейтін мөлшерін беруді талап етуге не егер жетіспейтін Тауар төленген болса, жетіспейтін Тауар бөлігінде Тапсырыстан бас тартуға және жетіспейтін Тауар үшін ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы.
5.5.3. Жетіспейтін Тауарды беру жаңа Тапсырысты ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. Егер Тауардың бағасы көтерілсе, жаңа Тапсырысты ресімдемес бұрын Ozon-мен немесе Сатушымен байланысу керек. Егер жетіспейтін Тауарды Клиент бұрын төлемеген болса немесе оның құны банк картасына қайтарылған болса, Тауар жаңа Тапсырысты рәсімдеу кезінде кез келген қолжетімді тәсілмен төленуі мүмкін. Жетіспейтін Тауарды беру мүмкін болмаған жағдайда, Ozon немесе Сатушы бұл туралы Клиентке хабарлайды.
5.6. Клиенттің талаптарын орындау #
5.6.1. Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе сапа тиісті емес Тауарды ауыстыру Тауарды Ozon-ға қайтару, содан кейін Тапсырысты немесе Тауарды жою, содан кейін жаңа Тапсырысты рәсімдеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте күшін жою техникалық әрекет болып табылады және Сатушының шартты орындаудан бас тартуын білдірмейді. Ақша қаражаты Клиентке толық көлемде қайтарылады. Егер Клиент өтініш берген сәтте Сатушыда ұқсас Тауар сатылымда болмаса, Клиент сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартуға және көрсетілген Тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Сатушы қайтарылған Тауар үшін ақшалай соманы заңмен белгіленген мерзімде қайтарады.
5.6.2. Клиент Тауарды өндірушінің уәкілетті сервис орталығында тиісті емес сападағы Тауарды жөндей алады немесе егер Тауарды Сатушы жөндеуді жүзеге асырса, Тауарға белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жөндеу жүргізу үшін Сатушыға бере алады. Жөндеу тәсілдері мен тәртібі туралы толығырақ мына жерден қараңыз.
5.7. Акция бойынша тауарларды қайтару #
5.7.1. Тауарлардың біреуіне немесе жиынтықтағы барлық Тауарларға жеңілдік берілген акция бойынша Тауарлар жиынтығын сатып алғанда, тиісті немесе тиісті емес сападағы Тауарлар жиынтықтың құрамында ғана қайтарылуы мүмкін. Егер акцияны өткізу қағидаларында өзгеше көзделмесе, жиынтықтан жекелеген тауарларды қайтару мүмкін емес.
5.8. Кредитке сатып алынған тауарларды қайтару #
5.8.1. Кредитке сатып алынған қайтарылған Тауар үшін кредит бойынша пайыздар өтелмейді.
5.9. Ақша қаражатын қайтару #
5.9.1. Қайтарылған немесе іс жүзінде берілмеген Тауарлар үшін ақша қаражатын қайтаруды Ozon осы жердегі шарттарға сәйкес Тапсырысты төлеу тәсіліне байланысты тәсілдердің бірімен жүзеге асырады.
5.9.2. Егер соңғы үш жыл ішінде Баланста ақша қаражаттарының қозғалысы (есептен шығару немесе есепке алу) көрсетілмесе, қаражат жойылуы мүмкін. Ozon Клиенттің алдын ала келісімін алмай, Баланста қате көрсетілген жағдайда ақша қаражатының мөлшерін түзетуге құқылы.
5.9.3. Клиент мұндағы шарттарға сәйкес қаражат Балансында көрсетілген ақшаны пайдалана алады.
6. Өзге шарттар #
6.1. Зияткерлік меншік #
6.1.1. Сайттағы барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық кескіндер Ozon-ның, Сатушылардың және/немесе олардың контрагенттерінің меншігі болып табылады.
6.2. Кепілдіктер мен жауапкершілік #
6.2.1. Ozon және Сатушы сайтта Тапсырыс берілген тауарларды дұрыс пайдаланбау салдарынан Клиентке келтірілген залал үшін жауап бермейді.
6.2.2. Ozon Сыртқы сайттардың мазмұны мен жұмысына жауап бермейді.
6.2.3. Ozon Клиентпен қарым-қатынасынан туындайтын өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге не қандай да бір өзге тәсілмен беруге құқылы.
6.2.4. Ozon Клиенттің телефон нөмірінің басқа тұлғаның меншігіне өтуі нәтижесінде, оның ішінде Клиенттің мұндай телефон нөмірін ұзақ уақыт (3 айдан бастап) пайдаланбауы нәтижесінде болуы мүмкін шығындар үшін жауап бермейді.
6.2.5. Ozon Тексеру кезінде Клиент ұсынатын ақпараттың дәлдігі мен дұрыстығына жауап бермейді.
6.2.6. Сатушылар техникалық тұрғыдан Клиенттерге үшінші тарап ресурстары мен веб-қызметтерге сілтемелер жібере алады. Ozon бұл веб-қызметтердің иесі емес және оларда орналастырылған материалдар үшін немесе үшінші тарап компанияларының саясаты үшін жауап бермейді. Ozon мұндай ресурстарды ешқандай жолмен бақыламайды, мұндай сайттарды пайдалану және үшінші тараптардың әрекеттері нәтижесінде болуы мүмкін бұзушылықтар немесе зиян келтіру үшін жауап бермейді.
6.2.7. Клиент кепілдік береді:
-
Тауар үшінші тұлғаларға қайта сату үшін емес, тек жеке пайдалану үшін сатып алынады және тек азаматтық мақсаттарда қолданылады.
-
Тауар төмендегілермен байланысты кез келген қызметте пайдаланылмайды:
-
ядролық жарылғыш құрылғыларды құру немесе ядролық отын циклі шеңберінде қызмет ету,
-
химиялық немесе биологиялық қаруды әзірлеу, өндіру немесе жөндеу,
-
қаруды немесе әскери техниканы өндіру немесе жөндеу,
-
химиялық немесе биологиялық қаруды әзірлеу, өндіру немесе жөндеу.
-
-
Тауар қолданылатын ұлттық және халықаралық экспорттық бақылау ережелеріне жататын ешқандай өңірлерде пайдаланылмайды.
6.3. Дербес деректер #
6.3.1. Ozon Шарттарды орындау үшін Клиенттің дербес деректерін өңдейді.
6.3.2. Клиент, осымен Ozon мекенжайына автоматтандырылған, сондай-ақ автоматтандыру құралдарын пайдаланбай мынадай дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді: аты-жөні; жеткізу мекенжайы; байланыс ақпараты (телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы); тапсырыстар туралы мәліметтер (тапсырыстардың нөмірлері мен мазмұны); қоңыраулар (әңгімелер) жазбалары; банк деректемелері; Клиент Ozon мекенжайына дербес ұсынған өзге де деректер (тапсырысты рәсімдеу және жеткізу шеңберінде) — мысалы, жынысы мен жасы.
Дербес деректерді жинау, өңдеу мақсаттары — Ozon-ның Клиентпен өзара іс-қимылы, міндеттемелерді орындау және осы Шарттарға сәйкес тараптардың құқықтарын іске асыру, сондай-ақ Ozon-ның Клиентке Сайттың функционалын пайдалану мүмкіндігін беру.
Келісім жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, бірақ кез келген жағдайда, дербес деректерді өңдеудің ұзағырақ мерзімі ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттардың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзім ішінде қолданылады.
Дербес деректермен жасалуы үшін келісім берілетін әрекеттер тізбесі, — дербес деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, үшінші түлғаларға беру (тарату, ұсыну, қатынасу), соның ішінде трансшекаралық беру, иесіздендіру, бұғаттау және жою. Үшінші тұлғаның дербес деректерін Ozon-ға бере отырып, Клиент осындай беруге үшінші тұлғаның келісімінің болуын растайды және кепілдік береді. Озон осы келісімде көрсетілген мақсаттарда және шарттарда дербес деректерді беруге және/немесе оларды жинауды, өңдеуді «Интернет Решения» ЖШҚ-на (тіркеу нөмірі 1027739244741, 123112, Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пресненская жағ., 10-үй, I үй-жай, 41-қаб., 6-бөлме мекенжайында тіркелген) толығымен немесе бір бөлігін тапсыруға құқылы.
6.3.3. Тапсырысты Кредит, бөліп төлеу арқылы рәсімдеу кезінде Клиент Ozon мекенжайына автоматтандырылған, сондай-ақ автоматтандыру құралдарын пайдаланбай келесі дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім береді: телефон нөмірлері.
Дербес деректерді жинаудың, өңдеудің мақсаты — Клиентке Brokerage платформасына қосылған кредиттік ұйымдардан кредиттік ұсыныстарды (Тапсырысты кредитке, бөліп төлеу үшін) алу мүмкіндігін беру.
Келісім жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, бірақ кез келген жағдайда, дербес деректерді өңдеудің ұзағырақ мерзімі ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттардың қолданылу мерзімінен (Тапсырысты кредитке төлеу арқылы ресімдеу бөлігінде) аспайтын мерзім ішінде қолданылады.
Дербес деректермен жасалуы үшін келісім берілетін әрекеттер — қимылдар тізбесі — Вrokerage платформасының операторына жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік) — «Brokerage Inc.» ЖШС, БСН 190940031534, жеке деректерді иесіздендіру, бұғаттау және жою. Үшінші тұлғаның дербес деректерін Ozon-ға бере отырып, Клиент осындай беруге үшінші тұлғаның келісімінің болуын растайды және кепілдік береді. Озон осы келісімде көрсетілген мақсаттарда және шарттарда дербес деректерді беруге және/немесе оларды жинауды, өңдеуді «Интернет Решения» ЖШҚ-на (тіркеу нөмірі 1027739244741, 123112, Ресей Федерациясы, Мәскеу қ., Пресненская жағ., 10-үй, I үй-жай, 41-қаб., 6-бөлме мекенжайында тіркелген) толығымен немесе бір бөлігін тапсыруға құқылы.
6.3.4. Дербес ақпараттың құпиялылығы мен қорғалуы туралы толығырақ ақпарат осында берілген.
6.4. Сайтта пікірлерді жариялау шарттары #
6.4.1. Тапсырысты ресімдеген және алған Клиенттер ғана пікір қалдыра алады.
6.4.2. Пікірлерді жариялау ережелері осында.
6.5. Коммуникация және басқа шарттар #
6.5.1. Ozon немесе Сатушы Клиентке мәлімдемелер мен хабарламаларды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша және/немесе жеке кабинетке «Мәлімдемелер» немесе «Хабарламалар» бөлімдеріне жібереді.
6.5.2. Сұрақтар туындаған жағдайда Клиент телефон арқылы Ozon Байланыс Орталығына немесе Сатушының Клиенттермен жұмыс жөніндегі қызметіне хабарласуы керек. Кінәрат-талап туындаған кезде Клиент оны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберуі тиіс: 050040, Алматы қ., Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 77/7, 6 қабат. Кінәрат-талап Ozon заңды мекен-жайына жіберілген жағдайда Клиент жіберген болып танылады.
6.5.3. Ozon немесе Сатушының Клиенттің өтініштері мен кінәрат-талаптарына берген жауаптары олар Жеке кабинетке не Клиенттің тіркеу кезінде көрсеткен электрондық мекенжайына не Клиенттің пошталық мекенжайына жазбаша нысанда (Клиенттен осындай өкім болған жағдайда) жіберілген жағдайда тиісті нысанда жіберілген деп танылады.
6.5.4. Шарттармен реттелмеген және оларға қайшы келмейтін бөлікте Ozon мен Клиенттің қарым-қатынасына Ozon ID пайдалану шарттары қолданылады. Ozon ID пайдалану шарттары Шарттардың ажырамас бөлігін құрайды.
6.5.5. Барлық туындаған дауларды тараптар келіссөздер жолымен шешетін болады, келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына берілетін болады.
6.5.6. Соттың қандай да бір ережені шарттар мен ережелерді жарамсыз деп тануы қалған ережелердің жарамсыздығына әкеп соқпайды.
7. Ozon және Сатушылар туралы ақпарат #
7.1. Ozon деректемелері осында орналастырылған.
7.2. Ozon тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес ұсынуға міндетті Сатушылар туралы ақпарат Сайтта Сатушының атауының жанында «i» белгісімен орналастырылған.
8. Уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері туралы ақпарат #
8.1. Клиент өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Уәкілетті органға, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне немесе сотқа жүгінуге құқылы.
8.2. Уәкілетті органның деректемелері сайтта орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/contacts?lang=ru.
8.3. Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің деректемелері сайтта орналастырылған: https://e-tutynushy.kz/.
9. Шарттар тілі #
9.1. Шарттар орыс және қазақ тілдерінде жасалған. Орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқасы арасында кез келген сәйкессіздік болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы басым күшке ие болады.
Ұғымдар #
Шарттарда келесі сөз мағыналары қолданылады:
Қаражат балансы (Баланс) — Клиенттің бұрын төленген Тапсырысы немесе Тауары жойылған жағдайда, сондай-ақ өзге де ұқсас жағдайларда Клиентке қайтарылуға жататын ақша қаражатының мөлшері туралы ақпарат көрсетілетін Клиенттің Жеке кабинетінің бөлімі. Баланста көрсетілетін ақша қаражатының мөлшері Клиенттің кейінгі Тапсырыстары үшін төлем ретінде не сілтеме бойынша көрсетілген тәртіппен Клиентке қайтарылуға жатады. Баланс банктік шот болып табылмайды және тек Клиентті хабардар ету мақсатында жасалады.
Ozon — Сайттың иесі, сатушы немесе басқа Сатушылардың атынан Клиентпен қарым-қатынаста өз атынан әрекет ететін «ОЗОН Маркетплейс Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН 211040009534).
Сатушы — «ОЗОН Маркетплейс Қазақстан» ЖШС.
Сайт — ozon.kz, ozon.com сайттарында және/немесе Ozon мобильді қосымшасында орналастырылған, Клиенттерге Тауарларды таңдау және сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттық жүйе.
Жеткізу қызметі — Клиенттің, Сатушының немесе Ozon-ның тапсырмасы бойынша және атынан Клиенттерге Тапсырыстарды жеткізу қызметтерін көрсететін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.