Кепілдік қызмет — кепілдік мерзімі аясында зауыттық ақаулары бар тауарды тегін жөндеу. Егер сіз тауарды пайдалану шарттарын бұзбасаңыз, кепілдік жарамды.
Кепілдікті өндіруші ұсынады.
Егер сіз өндірушінің уәкілетті қызмет көрсету орталығын таппасаңыз, өндірушінің сенім телефонына хабарласыңыз немесе бізге чатқа жазыңыз.
Тауарды жөндету #
Сервистік қызмет көрсету орталығына алып келіңіз:
- тауар;
- кепілдік талоны — тауармен бірге қорапта болады.
Тіпті сізде кепілдік талоны болмаса да, заңға сәйкес сізге қызмет көрсетілуі тиіс. Егер сервистік орталық қызметкерлері кепілдік талонын талап етсе, бізге чатқа жазыңыз.
Сервистік орталықта сіздің тауарды тегін жөндейді немесе жөндеуге жарамсыздығы туралы қорытынды береді.
Тауарды қалай қайтаруға болады #
Егер тауарды жөндеу мүмкін болмаса, сервистік орталық сізге тауардың жөнделмейтіні туралы акт береді. Мұндай тауар қаражатын қайтару үшін:
- Қайтарым туралы өтінім жасаңыз.
- Жөндеуге жарамсыздығы туралы скан немесе акт фотосын өтінімге тіркеңіз.
- Өтінім мақұлданғанша күтіңіз.
- Тауарды тапсырыстарды беру пунктіне қайтару кезінде жөндеуге жарамсыздығы туралы акттің түпнұсқасын тапсырыңыз.
Егер өндіруші сіздің еліңізде кепілдік қызмет көрсетуді тоқтатса:
- Қайтарым туралы өтінім жасаңыз.
- «Мәселені сипаттаңыз» жолағында, өндіруші бұдан әрі сіздің еліңізде кепілдік қызмет көрсетпейтіні туралы жазыңыз. Мысалы, «тауарға өндіруші Қазақстан аймағында қызмет көрсетпейді».
- Өтінім мақұлданғанша күтіңіз.
- Тауарды тапсырыстарды беру пунктіне немесе жеткізу қызметіне тапсырыңыз.
Егер сізде сұрақтар болса, бізге чатқа жазыңыз.
Кепілдіктен тыс жағдайлар #
Келесі әрекеттер нәтижесінде пайда болған зақымдарға кепілдік қызмет көрсету қолданылмайды:
-
Қолданушы тауарды дұрыс пайдаланбаса, сақтамаса немесе тауарды дұрыс тасымалдамаса.
-
Үшінші тұлғалардың әрекетті:
- өндіруші рұқсат етпеген конструктивтік немесе схемотехникалық өзгерістерді уәкілетті емес тұлғалардың жөндеуі немесе енгізуі;
- Техникалық стандарттардан (ҚР СТ) және электрмен жабдықтау, телекоммуникация және кабельдік желілер нормаларынан ауытқу;
- өнімді дұрыс орнатпау немесе қосу.
-
Табиғи апаттардан орын алған жағдай (стихия, өрт, найғазай және т.б.).
-
Зиянды бағдарламалардың әсер етуі (мысалы, компьютерлік вирустар).
-
Пайдаланушы немесе уәкілеттілігі жоқ адамдар BIOS (компьютерлік жүйелер үшін) бағдарламалық жасақтамасын дұрыс жаңартпауы нәтижесінен тауар істен шыққан жағдай.
-
Тауарды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану.