Аккаунт шотындағы теңгерім

Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») — бұл:

  • тауар жойылғаннан кейін немесе қайтарылғаннан кейін қолжетімді ақша сомасы туралы;
  • Ozon қосымшасында жасаған барлық операциялар туралы деректер енгізілген жеке кабинеттің бөлімі.

Ол жеке кабинетте Личная информация («Жеке ақпарат») бөлімінде орналасқан. Егер сіз мобильді қосымша арқылы кірсеңіз, төмендегі мәзірді басып, Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») батырмасын таңдаңыз. Аккаунт шотындағы теңгерім теңгемен көрсетіледі.

Егер сіз несиемен төленген тауарды қайтарсаңыз, ол қаражат аккаунт шотындағы теңгерімге түседі.

Несиеге алынған тауарды қайтару туралы толығырақ

Тапсырысты аккаунт шотындағы теңгерім арқылы толық немесе бөліп төлеу #

  1. Себетке өтіп, Перейти к оформлению («Тапсырысты рәсімдеу») батырмасын таңдаңыз.

  2. Негізгі төлем түрін таңдаңыз.

  3. Использовать для оплаты с моего баланса средств («Төлем үшін аккаунт шотымдағы теңгерімді қолдану») батырмасын белгілеңіз.

  4. Оплатить онлайн («Онлайн төлеу») батырмасын басып, төлемді растаңыз.

Акканут шотындағы теңгерімнен ақша алу #

Алу үшін ең төмен сома — 20 теңге.

  1. Баланс средств («Аккаунт шотындағы теңгерім») батырмасын басып, Вывести деньги с баланса средств («Аккаунт шотындағы теңгерімнен ақша алу») батырмасын таңдаңыз.

  2. Төмендегі ақпаратты толтырыңыз:

    • сома,
    • банк атауы,
    • шот иесінің аты-жөні,
    • SWIFT немесе БИК,
    • ЖСН,
    • жеке тұлғаның есеп айырысу шоты.
  3. Вывести деньги с баланса средств («Акканут шотындағы теңгерімнен ақша алу») батырмасын басыңыз.

Ақша сіздің картаңызға 2-3 жұмыс күні ішінде түседі. Несие шартының шотына 5 күн ішінде түседі.

Скрыть навигацию

Показать навигацию