Төлем түрін қалай өзгертуге болады?

Сіз тек «Төлемді күту» мәртебесінде тұрған тапсырыстардың төлем түрін өзгерте аласыз.

  1. Жеке кабинеттегі тапсырыс бетіне өтіңіз.

  2. Сменить способ оплаты («Төлем түрін өзгерту») батырмасын басыңыз.

  3. Төлемнің жаңа түрін таңдаңыз. Таңдалған төлем түрі бойынша тапсырыстың қорытынды құны көрсетіледі.

    Тапсырыстың қорытынды құны тауарларға арналған науқандарға байланысты өзгеруі мүмкін. Егер науқан аяқталса, тапсырыс құны артады. Аяқталмаса — жаңа науқандарды ескере отырып, тапсырыс құны өзгеріссіз қалады немесе азаяды.
  4. Изменить способ оплаты («Төлем түрін өзгерту») батырмасын басыңыз.

    Егер тапсырысты жаңа картамен төлесеңіз, оның деректерін енгізіңіз. Егер сақталған карта болса, CVV/CVC және СМС-ке жіберілген растау кодын көрсетіңіз.

Егер картамен төлем жасалмаса, төлем түрі бәрібір өзгереді.

Егер сіз төлем түрін өзгерткен тапсырысты бірден төлей алмасаңыз, оны кейінірек жасай аласыз.

Скрыть навигацию

Показать навигацию