Арзандатылған тауарлар — бұл Ozon тауардағы болмашы зақым немесе жөндеу болған жағдайда жасалайтын жеңілдік. Жеңілдік тауардың жағдайына байланысты 50% дейін жетуі мүмкін. Мұндай тауарларда «Арзандатылған тауар» белгісі болады.
![](https://cdn.ozone.ru/s3/ozon-disk-api/techdoc/common/images/tovary/discounted-products/tag_1666879569.png)
Арзандату себептері #
Біз сыртқы қаптаманың жағдайын, механикалық зақымдар, материалдағы ақаулар мен жиынтықтың толықтығын ескереміз.
Тауардың неліктен арзандатылғанын білу үшін, оның парақшасына өтіңіз. Состояние товара («Тауар жағдайы») бөлімінде Уценённый («Арзандатылған») тармағы болады. Егер осыған ұқсас өзге де арзандатылған тауарлар болса, олар тізімде тұрады. Төменгі жақта, тізімдегі таңдалған тауардың арзандатылу себебі көрсетіледі. Студияда түсірілген жаңа тауар суреттерінің арасынан, арзандатылған тауар суретін көресіз, онда жеңілдік жасау себебі байқалады.
![](https://cdn.ozone.ru/s3/ozon-disk-api/techdoc/common/images/tovary/discounted-products/product-condition_1675239066.png)
Егер азық-түлік өнімдері арзандатылса, онда жиынтықта тауар мөлшері аз болуы мүмкін. Мысалы, алты піспенан қорапшасының орнына, бес піспенан қорапшасы болады.
Арзандатылған тауар жағдайы #
Біз арзандатылған тауарды жағдайына қарай екі санатқа бөлеміз:
- Новое («Жаңа») — қолданылмаған тауар. Оның тасымалдау кезінде пайда болған зақымы немесе түпнұсқа қаптамасы болмауы мүмкін.
- Б/у («Пайдаланылған») — қысқа мерзімде қолданыста болған, немесе жөндеуден өткен тауар. Әрбір арзандатылған тауар іске жарамды және негізгі пайдалануға қажетті сипаттамаларын сақтайды.
Арзандатылған тауарды қайтару #
Арзандатылған тауарды да, жаңа тауар секілді қайтаруға болады.
Тауарды қайтару туралы толығырақ
Кері қайтаруды тіркемес бұрын, оны кері қайтаруға болатынына көз жеткізіңіз. Толығырақ Кері қайтару шарттары мен мерзімі тармағында.