Серіктес — сыртқы жеткізу қызметі, мысалы, ҚазПошта немесе Spark.
Тиісті сападағы тауарды пошта немесе курьерлік қызмет арқылы қайтарған кезде сіз тауардың жеткізу құнын төлейсіз.
Егер сіз ақауы бар тауарды қайтарсаңыз немесе сізге дұрыс емес тауар жіберілсе, орам және жеткізу құны көрсетілген түбіртекті сақтаңыз. Фотосуретті немесе түбіртек сканерін қайтару өтініміне тіркеңіз — біз шығындарды өтейміз.
Өтінім мақұлданғаннан кейін 4 күн ішінде қайтарымды жіберіңіз, әйтпесе оның уақыты өтіп кетеді.
Өтінім мақұлданғаннан кейін:
-
Тауарды жөнелтуге дайындаңыз — тауарлдың жиынтығын тексеріп, тасымалдау кезінде зақымдалмас үшін оны мұқият ораңыз. Түсініспеушілік болмас үшін жөнелту алдында тауарды суретке түсіріңіз.
-
Пакетке қайтарым нөмірі бар парақты салыңыз. Сіз оны жазуыңызға немесе басып шығаруыңызға болады.
-
Пакеттегі бланкте алушы туралы ақпараттың жанына қайтарым нөмірін көрсетіңіз. Нөмірсіз сіздің қайтарымыңыз қоймада қабылданбайды және ақшаны қайтару мерзімі ұзарып кетуі мүмкін.
-
Қайтарымды курьерлік қызметтердің біріне немесе поштаға апарыңыз.
-
Жөнелтімді және қажет болған жағдайда кедендік алымдарды төлеңіз. Түбіртекті сақтаңыз. Егер тауар зақымданса немесе сізге дұрыс емес тауар әкелсе, біз орам мен жеткізу құнын өтейміз. Басқа себептер бойынша қайтарылған кезде жөнелту және орам құны өтелмейді.
-
Жеке кабинетте Мои возвраты («Менің қайтарымдарым») бөлімінде Отправить возврат («Қайтарымды жіберу») батырмасын басып, сәлемдеменің жіберілгенін мақұлдаңыз: түбіртекті жүктеп, курьерлік қызмет немесе пошта бөлімшесінде алатын трек нөмірін көрсетіңіз. Бұл біз пакетті бақылауға және қоймада қайтарымды қабылдауға көмектеседі.
Пошта арқылы жіберу #
Сіз қайтарымды Ресей аумағында жеткізу үшін жергілікті пошта қызметін пайдалана аласыз.
Қайтарымды мына мекенжайға жіберіңіз: 140961, Ресей, Мәскеу обл., Подольск қ., Магистральная көшесі (Львовский мкр-ны), 7 үй, А/Я 4.
Алушы: «Интернет Решения» ЖШҚ.
Курьерлік қызметпен жіберу #
30 кг-ға дейінгі тауарларды қайтарғыңыз келсе, сіз сәлемдемені Ресейге жеткізетін кез келген курьерлік қызметті таңдай аласыз.
Қайтарымды мына мекенжайға жіберіңіз: 141533, Ресей, Мәскеу обл., Солнечногорский ауданы, Хоругвино үйі, 32/5 құрылыс нысаны.
Алушының телефоны: +7 495 232-10-00, қос. 71478 немесе 71383. Жұмыс кестесі: күн сайын 8:00-ден 20:00 дейін.
Салмағы 30-дан 100 кг-ға дейінгі тауарды қайтарған кезде Спарк қызметіне қоңырау шалыңыз: +7 747 094-18-32. Қайтарымды мына мекенжайға жіберіңіз: Қазақстан, Астана қ., Байқоңыр ауданы, С319 көшесі, 12 құрылыс нысаны.