Құпиясөз келесі талаптарға сай болуы керек:
- ағымдағы және ескі құпиясөздерден өзгеше болуы;
- 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы;
- бас әріптер мен кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалардың болуы;
- латын әліпбиінің әріптерінен тұруы.
Құпиясөзді есептік жазбаңыздың атына немесе шынайы сөзге негіздемеңіз.
Қауіпсіздік құпиясөз жазу #
Төменде берілген мысалдарды өз құпиясөзіңіз ретінде қолданбаңыз.
-
Құпиясөзді жазғанда әріптер, сандар және таңбалардың кездейсоқ жиынтығын қолдануға тырысыңыз. Құпиясөз неғұрлым ұзын болса, соғұрлым оны бұзы қаскүнемге қиындық тудырады.
-
Бірегей құпиясөз жасау үшін сөз тіркесіндегі барлық дауысты дыбыстарды алып тастаңыз. Мысалы, «MhtMlnkPtchk» — «muha eto malenkaya ptichka».
-
Жақсы білетін сүйікті әніңіз немесе сөйлеміңіздің алғашқы әріптерінен қысқартылған сөз жасаңыз. Мысалы, «tmkynckvpcdcns» — «temniy mrachniy koridor, ya na cipochkah kak vor, probirayus chut disha, chotbi ne spugnut».
-
Кейбір әріптерді бас әріппен жазыңыз, сандар мен таңбаларды, соның ішінде тыныс белгілерін де қолданыңыз. Мысалы, «!MhtMlnkPtchk_20» немесе «*TmkYnckvPcdCns99!».
-
Құпиясөзіңізді жылына бірнеше рет ауыстырып отырыңыз. Бұл мәліметтердің таралуын болдырмауға көмектеседі.
-
Бірнеше есептік жазба үшін бір құпиясөзді пайдаланбаңыз. Егер қаскүнем бір сайтты бұзса, олар алынған құпиясөздерді басқа сайттар мен қосымшаларға кіру үшін қолдануға тырысады.