Таңдаулы тауарлар

Избранное («Таңдаулы») — жеке өзіңізге арналған бөлімде келесі амалдарды орындай аласыз:

  • ұнатқан тауарлар, дүкендер мен топтамаларды сақтау;
  • сатылымға шыққан жаңа тауарларды бақылау;
  • таңдаулы тауарлар тізімін жасау және олармен бөлісу.

Тауарды таңдаулылар қатарына қосу үшін, тауар парақшасындағы батырманы басыңыз .

Әдепкілікке сәйкес, тауарлар тіркелген уақытына қарай сұрыпталады: тауар неғұрлым кеш тіркелсе, соғұрлым тізімде жоғары тұрады. Сондай-ақ тауарларды санаттарға қарай сұрыптай аласыз.

Егер тауар қоймада болмаса, сіз соған ұқсас тауарларды таңдай аласыз.

Тауар қоймада болған кезде, хабарлама алу үшін тауар парақшасына өтіп Узнать о поступлении («Тауардың түсімін білу») батырмасын басыңыз.

Тауар тізімін жасау #

  1. Избранное («Таңдаулылар») бөлімінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы белгіні басыңыз.
  2. Создать список («Тізім құру») батырмасын басыңыз.
  3. Тізім атауын жазыңыз немесе ұсынылған нұсқалардан таңдаңыз.
  4. Сохранить («Сақтау») батырмасын басыңыз.

Тізім Все списки («Барлық тізімдер») бөлімінде пайда болады.

Тауарды тізімге қосу #

  1. Тауардың бетінде белгішесін басыңыз.

  2. Беттің төменгі жағындағы В избранном («Таңдаулыда») батырмасын басыңыз.

  3. Тізімді таңдаңыз немесе жаңасын жасаңыз.

Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге чатқа жазыңыз.

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету