Банк картасы

⚠️ Келесі сатып алулар үшін картаны тек тапсырыс төленген кезде ғана сақтауға болады.

Тапсырыс валютасы нақты шоттан ақша алынатын валюта. Анықтамалық валютадан тапсырыс құнын көру үшін, Подробнее («Толығырақ») батырмасын басыңыз:

  • Общая стоимость («Жалпы құн») бөліміндегі себетте;
  • тапсырысты рәсімдеу бетіндегі Итого («Барлығы») бөлімінде.

Басқа валютадағы шамамен алынатын қаражатты көру үшін, баптаулардан керек валютаны таңдаңыз.

Егер сіздің шотыңыздың валютасы тапсырыс валютасынан өзгеше болса, банк айырбастау жасайды. Әр банктің айырбастау бағамы әртүрлі, сондықтан тапсырыс сомасы өзгеруі мүмкін.

Тапсырысты банк картасымен төлеу үшін:

  1. Төлем кезінде Способ оплаты («Төлем түрі») бөлімінде сақталған картаны таңдаңыз немесе Новой картой («Жаңа карта») батырмасын басыңыз.
  2. Оплатить онлайн («Онлайн төлеу») батырмасын таңдаңыз.
  3. Егер сіз жаңа картамен төлесеңіз, карта деректерін енгізіңіз. Келесі тапсырысты төлеу кезінде пайдалану үшін картаны сақтағыңыз келсе, Запомнить карту («Картаны сақтау») батырмасын басыңыз.
  4. Оплатить («Төлеу») батырмасын басыңыз.

Тапсырысты төлегеннен кейін электронды түбіртек аласыз. Барлық электронды түбіртектерді жеке кабинеттегі Электронные чеки («Электронды түбіртектер») бөлімінен жүктеуге болады.

Банк картасымен төлеу мүмкін болмады

Банк картасын шешу

Навигацияны жасыру

Навигацияны көрсету